Ассалаумағалейкум!

WordPress-тен блог аша алмай-ақ қойдым. Асқар Жұмаділдаевдың пікіріне келіспеске шараң жоқ сосын. «Қазақ word-қа әріп теріп үйренсе болды, компьютерді меңгердім деп ойлайды». Рас сөз ғой. Шыны керек, блогты өзімнің басым жетіп ашқам жоқ. Әйгілі Асхат Еркімбайдың қыр соңына түсіп жүріп аштырып алдым.
Блогомания кесіліне ұшырағандарға өз басым қызығамын. Сосын… өкінемін. Нұрлан Ерімбетов айтпақшы, «қазіргі қазақ журналистерінің бәрі жүйке ауру». Бұл да рас. «Егеменде» немесе «Хабарда» қызмет атқаратындардың бәрі 100 пайыз біздегі жүйені құлай сүйіп жақсы көруі мүмкін емес қой. Бірақ амал жоқ құлашты кеңге сермеп толайым табыстар туралы жазуың, сюжет жасауың керек. Кеткенде қайда барасың? Қазіргі журналистер – шынжыры жеткен жерге дейін үретін ит сияқты. Оппозициялық басылымдардың да шектеулі шеңбері бар.
Қысқасы, қазір өз ойың, жеке пікірінді жариялайтын жер жоқ. Әжетхана, қираған үй қабырғасына жазбасаңыз, әрине. Біздегі бар демократия сонда ғой, шіркін…
Журналистика – біреудің проблемасын шешіп беретін құзыретті орган емес қой. Бірақ қоғамдық пікір туғызатын, туғызып қана қоймай, оны қалыптастыратын күшке ие. Сондықтан, осы сатпақты оқып отырған қарапайым оқырманнан БАҚ өкілдеріне арыз, ой, жеке пікірлерін айта жүруден жалықпағанын қалаймын. Хат жазыңыз, пікір білдіріңіз, талап етіңіз – мемлекеттің телевизия Сіз төлеген салықтың арқасында күн көріп отыр. Сіз (оқырман, халық) талапшыл болсаңыз – бәрін де өзгеруге болады.
Басқа ракурстан қарайтын болсақ, журналистің қаламына, микрафонына байланып қалған да ештеңе жоқ негізі. Журналистер де – адам. Жұрттың мұқтажын қанағаттандырмаған жергілікті атқамінер жайлы репортажды күтіп отырып көріп, әділетсіз әкімді аяусыз жазалағысы кеп, алақанын ысқылап отырған біреу бар деп кім айтты, сізге? Олай ойласаңыз, ол – ертегі, иллюзия.
«Бізде сөз бостандығы бар ма, жоқ па, бар болса, ол қандай деңгейде?» деген сауалдар да шаршатты. Бостандық шіркін әркімнің өз ішінде болса керек, сірә. Журналистер тиісті жерде сұрақты ашық қоя алмай жүрсе немесе қарақшыны қамқоршы деп бағалап жүрсе, онда, қарапайым тыңдарман, оқырман, көрермен, сіздің де үлесіңіз бар. Неге дейсіз ғой? Сіз еден сырлау үшін алынатын бояуға ақша жинатқан мектеп директорына «әй, мұның қалай?» деп айтуға дүдәмал күй кешіп жүрсеңіз, журналистер де солай. Өзіңіз өмір сүріп отырған қоғамға көңіліңіз толмаса, айыпты айналадан емес, өзіңізден іздеген дұрыс. Сіз – осындай қоғамға лайық шығарсыз, бәлкім? Демократия орнатуды өз айналаңыздан бастаңыз.
Хабар алмасып тұрайық. Ойға алған, жазатын дүние көп. Бұл амандасуым ғой. Ассалаумағалейкум!

5 пікір (+add yours?)

  1. urimtal
    Нау 07, 2011 @ 12:22:44

    уағалейкумассалам! «Блогомания кесіліне ұшырағандарға өз басым қызығамын. Сосын… өкінемін». Қызығатыныңды түсіндім. Не себепті өкінесің?

    Жауап беру

  2. Мейіргүл
    Нау 09, 2011 @ 06:49:41

    Дұрыс айтасыз! Демократия орнатуды өз айналаңнан бастау керек. Болат Атабаев айтпақшы, «Мен өзім тұратын жерде (көрші-көлемге) оқитын газеттерді тегін таратып жүрем» Блогыңыз құтты болсын.

    Жауап беру

  3. maqpal
    Нау 15, 2011 @ 16:26:01

    иә, қазіргідей заманда тек қарлығаш тірлік жасап қана ұтатын сияқтысың ғой. Блогың құтты болсын, Ерлан

    Жауап беру

  4. карашал
    Нау 24, 2011 @ 13:41:48

    Асхат Еркимбайды айгили деп аспеттеп жиберпсиз

    Жауап беру

  5. imanigul
    Сәу 06, 2011 @ 16:47:36

    Блогыңыз құтты болсын! Оқырманыңыз көп болсын! Ісіңізге сәттілік!

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: