Досмұхамедов және қазақы понт

Мәжіліске барған министр Досмұхамедов ешкімнің қиялына келмейтін ой айтыпты. Темірхан көкемнің көксегені – қазақ футболын Азияға оралту екен. Ал керек болса!

Қазақстан футбол федерациясын 2002 жылы  УЕФА-ға (Еуропа футбол қауымдастығы) өткізген әйгілі Рахат Әлиев болатын. Осы ісі үшін алғыс айту керек шығар (ешкім естіп қоймасын тағы). Ал Досмұхамедов болса, Азияға оралсақ, ғажап боларына кәміл сенетін сияқты. Министрдің ұсынысын белгілі спорт журналисі Несіп Жүнісбайұлы қос қолдап қуаттапты (баспасөзден оқыдық). Ал меніңше, Азия футбол одағына оралу – ақымақтық. Неге?

Біріншіден –  Азия футболы Еуропа футболына қарағанда көш кейін. Бұған дәлел іздеп жатудың қажеті жоқ шығар. Сондықтан, футболы әлі даму үстіндегі «аймаққа» қайтқаннан тек ұтыламыз. «Мерседестен» түсіп, «Москвичке» мінген сияқты. Иә, рас, біз қазір Еуропа алаңдарында тек масқара боп ұтылып жүрміз. Мейлі, есесіне, Германия, Англия сияқты футбол державаларымен кездесулер – үлкен сабақ, тәжірибе. Ал Азияда қалай болар еді? Әрі кетсе Жапнония, Қатармен ойнайсыз. Немесе Кореямен. Кәрістер қайда, немістер қайда? Тек қазіргі ащы жеңілістердің пайдалы жақтарын үйрене жүру керек. Футболы озық елдердің жеңіске жеткізетін тактикаларын, жаттығу ерекшеліктерін, доппен жұмыс істеу өнерін үйрене жүру керек. Ол үшін ұлттық құрамада орыстың өнерін үйренгісі келген Абай сияқты, от қарулы болғысы келген Ораз-Мұхаммед сияқты қазақ жігіттері көп болса, шіркін!  Сосын… Өзбекстан сияқты елдер УЕФА-да болуды армандайдыі. Бәс тіге аламын.

Екіншіден – Несіп ағамыздың айтуынша, УЕФА-ға өту қазақ футболын 100-150 жылға кейін шегеріп тастапты. Неге, Құдай-ау? Себебі, «доп тебетін елдердің ұлы мақсаты әлем чемпионатына бару» дейді Жүнісбайұлы. Рас, Азияда болсақ, әлем біріншілігіне бару мүмкіндігі артады.  Бірақ әлем чемпионатына Азиядан барып жатқандардың ахуалы қалай? 2002 жылы өз жерінде жарылай финалға жеткен кәрістерден басқа кім бар, жүлдеге іліккен? Оның өзіне төрешелердің көп көмегі тиді. (1/8 финалдағы Италиямен, 1/4 финалдағы Испаниямен ойынды өз басым әлі ұмытқам жоқ) Әлсізді жеңіп, әлем чемпионатына қатысқанша, әлдімен ойнап, бел бекіткен әлде қайда жақсы. Францияны жеңіп барып әлем чемпионатына қатыссаң, арман бар ма? Мысалы, кезінде Азияда болған түріктерді неге көрмейміз? Сондықтан, әлем чемпионатына баруды армандасақ, жеңілдің асты, ауырдың үстін қиялдамай-ақ қояйықшы.

Үшіншіден – УЕФА құрамында болу – ел клубтарына пайдалы. Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы турнирлеріне қатысу – біздің клубтардың да тәжірибесін арттырады. «Бунедкормен» немесе «әл-Ахлимен» он рет ойнағаннан «АЗ Алкмармен» бір рет онаған әлде қайда артық. Ал біздің клубтардың дамығаны – ұлттық құраманың пайдасы. Бізде мықты клубтар пайда болғанда ғана мықты құрама қалыптасады.

Қысқасы, Азияға ораламыз деген әңгіме – бір сәттік абыройды  ғана ойлаған адамдардың ақсақ (асқақ емес) арманынан,  «біздің құрама әлем чемпионатына қатысады» деп жыыыыртылыыыыып жүруге керек  понт үшін туған даурықпа деп білемін.  Министр мырза Азиядағы жыртық жеңістермен көп «ауырмаса» екен деп тілеймін.

 

5 пікір (+add yours?)

  1. sportstan
    Нау 30, 2011 @ 11:30:21

    Хе хе хе қатырыпсың!!! Досмухамбетов ози баскаратын су спортынын жагдайын жаксартып алсын әуелі. Пекин ОЛимпиадасы біткен соң су спортын қатырамын деп қарық қылып еди ғой… енді футболға араласыпты. футболды онсыз да жарымагандар устап отыр. жалпы біздегі спорттын басында отыргандар кілен топастар дер едим… дым битирип жаткан жок, колынан ис келетиндерди жолатпайды…

    Жауап беру

  2. qazaqia
    Нау 30, 2011 @ 12:36:42

    Қазақы понт деген Мәуленнің сюжеті ме? 🙂

    Жауап беру

  3. men
    Нау 30, 2011 @ 12:44:39

    ЗБ деш…

    Жауап беру

  4. Өркен
    Нау 30, 2011 @ 15:03:11

    Ией, Ереке, жақсы деп жаза салайыншы, спортпен айналыспақ түгілі, оқи алмайтынымды өзімнен жақсы білесің деп ойлаймын. Сондықтан, жазбаң сұмдық енді, әсіресе тақырыбына бес бала, тойыс балл)))

    Жауап беру

  5. Ғалия
    Сәу 03, 2011 @ 04:00:14

    «»Өзбекстан сияқты елдер УЕФА-да болуды армандайдыі. Бәс тіге аламын». Ып-ырас. Өткенде менің өзбек группаласым дәл соны айтқан. Сендер қазір жеңілгенмен мойымаңдар, зато тәжірибе. Ал біз олармен ойнайтын болсақ көп ақша керек деп.

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: