«Соңғы оқыған романым – «Абай жолы»

Мына бейшараның журналистика мен футболдан басқа жазатыны жоқ екен деп қалмаңыздар. Бірақ ауылдағы братандарша айтсақ, амал который!

Өзім 8-9 сыныптардан бастап журналист болуды, КазГУ-дың журфагына түсуді армандап, ақыры сол факультетте 4 жыл темір етіктен тебендей қалғанша тозып жүріп бітіріп шыққан соң, журналист мамандығы (ұғымы) маған аса қадірлі (пафос айтты деп сөге беріңіздер). «Жетелі елдің жетекші арнасында» (жарнамадағы сөз ғой) жұмыс істеймін ғой.  Тәжірибеден өтуге, стажировкаға студенттер көп келеді. Сөйлесемін, бірге асханға барып шәй ішемін, ақырында не оқып жатқанын сұраймын. Бір журналист ағамыздың жұмыс іздеп келген журналистен соңғы оқыған он романының тізімін сұрайтынын естіген едім. Сол кісі сияқты (он роман болмаса да) соңғы оқыған романын сұраймын. Ең көп еститін жауабым – «ең кейінгі оқыған романым – Абай жолы». Тура сол томардай «Абай жолымен» басына қойып қалғым келеді. Құдай-ау, «Абай жолы» оныншы класта оқылатын дүние ғой! Қайталап оқып жатсаң, бір сәрі!  3-4 курста оқитын студент «Абай жолын» енді оқып жатса, жетіскен екенбіз-ей!..

«Ештеңе оқымай-ақ журналист болуға болады, жүр ғой анау да!» Студенттер солай ойлайтын сияқты. Басқасын білмеген соң, сүйікті ақынын сұрасаң, Мұғағалиды, жазушысын сұрасаң Әуезовты айта салатын тележүргізуші һәм әншіден үлгі ала ма, білмеймін.

Құдай біледі деп айтайын, мұндай сорлы журналистика Қазақстанда бұрын-соңды болмаған шығар. Пыжалыста, «соңғы оқыған романым – «Абай жолы» деп айтпаңдаршы, 3-4 курс студенттері! Менен басқа ешкім естімей-ақ қойсын.

 

5 пікір (+add yours?)

  1. sportstan
    Нау 31, 2011 @ 09:50:36

    келісемін, Ерлан! журфак кітап оқымай кетті…

    Жауап беру

  2. Aina meken
    Нау 31, 2011 @ 10:29:15

    Суреттегі «Абай жолын» оқымайды, тыңдайды :). Жарайды, қалжың ғой. Ереке, оқығандарына ренжисіз, оқымағандарын қайтесіз? Ондайлар да бар ғой.

    Жауап беру

  3. meirzhan
    Нау 31, 2011 @ 18:01:53

    Жалпы қоғамда кітап оқу төмендеп кетті. Бірақ журналистердің кітап оқымауы кәсіби жағынан зиян.
    «Таразы» қонақтарына жоғарыдағы сұрақты қоюға қалай қарайсыз?

    Жауап беру

  4. ТҰСПАЛСӨЗ
    Сәу 02, 2011 @ 14:00:13

    Есіңде ме, екінші курста айтып ем ғой «журналистикаға білімсіз ұрпақ келдік» деп. Мен шіркін сол кезде қалай дөп айтқанмын:) «Амал который», біздің алдымыздағы буынмен салыстырғанда, біз мүлде «әріп танымайдының» айналасындамыз ғой.

    Жауап беру

  5. Әлди-әлди...
    Сәу 25, 2011 @ 05:28:31

    Журфактың қажеті қанша деп қалдым?! Журналистикаға қабілет көбірек керек секілді ме, қалай өзі?

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: