Алматы қалалық «Нұр Отанның» «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Руслан Сұлтанұлы Желдібайдың айтуынша, 2 мамыр күні Алматыдағы ҚазҰУ қалашығында орналасқан Студенттер сарайында дүбірлі айтыс болады. Жарнамасы теледидардан да беріліп жатыр дейді, өз басым Руслан мырзадан естідім (және билет әпер дедім).
Айтысқа Балғынбек Имашев, Жандарбек Бұлғақов, Айбек Қалиев сияқты айтыс өнерінің АС-тары қатысады екен. Айтысты «Хабар» арнасы телевизордан көрсетеміз деп, түсіргелі жатыр. Режиссері – кезінде «Қазақстанда жасалған» деген супер бағдарламада маған режиссер болған Қадырдан Құлманов дейді ұзынқұлақ. Басталуы – түскі 14.00-де екен. Яғни, ұйқыны қандырып, асықпай келе аласыздар. Ұйқы жайлы сөз қозғағаным да бекер емес, айтыс ресми қағаздарда түнгі 22.00-ге дейін жалғасады деп жоспарлануда. Демек, одан да созылуы мүмкін.
Айтпақшы, Русланнан билет сұрап әбігерленгенім бекер екен. Айтыс – тегін боп шықты. Яғни, тегін. 🙂 Сонда да маңызсынып, Русланнан шақыру билет алатын боп келістім. Енді ше? Жұлдыздарды жақыннан көру бақытына ие болайын дегенім ғой. 🙂 Тек Руслан бір қиыр бұрыштан орын беріп, мойнымның қарғысына қалмаса болғаны да.
Кезінде өзіміз төрт жыл кеңінен ен жайлаған КазҰУ-ды көрмегелі қай заман. Бізден бір қалған Еділ жұрт қой. «Вахтері тайдай тулаған, қыздары қойдай шулаған, Қайран да менің КазГУ-ым!».
«Ретроспективаға» беріліп кеттім ғой дейм, қысқасы, айтыста кездескенше.
Сәу 30, 2011 @ 17:08:56
Жағымды жаңалықты жеткізіп қана қоймай, билеттің де маселесін мезгілімен шешіп беретін мансапты досыңның болғаны қандай жақсы. Жұлдыздарға басқа жұлдыздармен Жас Отандықтар жақын отырады. Ал ҚазҰУдың қарапайым қыздары койдай шулап, биік белес-балконнан ақ, көрінеді. Бірақ бастысы бұл емес. Айтыстың болуында ғой. Ақикаттың қулықпен айтылып, құйма құлаққа кіруінде… ғой… Жаңалық ашқаным емес, әрине:)) Ерлан, досыңыз осал болмағандықтан жайлы орынға отырасыз деп ойлаймын…Арттағылардың мойны қарғамақ түгілі басқа қылса да шыдайды. Өйткені тегін ғой))
Мам 01, 2011 @ 06:56:16
О о жаксы жаналык го мынау! Кезинде озимде айтыска катыстым,сыпырып жулде алмасам да,катысканга маз боп кайтатынбыз:). Бару керек екен Алла каласа
Мам 03, 2011 @ 03:18:56
Руслан мен Қадіржанның «бұндай» боп кеткендерін сенен естіп отымын.
мәләдес! ырзамын!
Мам 03, 2011 @ 05:58:45
Осы жерден айтыстың қорытындысын оқимыз деген сенімдемін
Мам 06, 2011 @ 04:31:14
Ереке Айтыстың қорытындысын жазыңызшы…