Оле, оле, өләәә!

Өткенде бір шатпағымда футбол комментаторлары жайлы жазамын деп уәде берген едім. Сөйтіп ауыз жиғанымша болған жоқ, Еуропа Чемпиондар лигасының жартылай финалында кездескен «Барселона» – «Реал» матчын жүргізген Ержан Көшкінбаев біраз жүйге талшықтарымның жаназасын шығарды-ау…

Әңгіме – біздің комментаторлардың ойын тактикасын дұрыс талдай алмайтынында, болмаса, ойыншылардың орналасу схемасына терең үңілмейтінінде немесе бапкердің неге мұндай құрам шығарғанын жіліктей алмайтынында, қысқасы, жалпы, футболды түсінбейтінінде емес (ол бұйдасы бөлек түйенің, ой, әңгіменің жүгі).  Әңгіме біздің айташылардың орысша ойлап, сол ойын ойын (матч) үстінде қазақшаға аударып барып, сосын бізге айтып, қиналып отыратынында.

Бәрін құртқан «арамдатқыр көкшолақ»  – орыс тілі, иә. Орыстілді комментші Павел Цыбулиннің кенет қойған сауалына сасып қалды ма екен, Ерекең де осьминог деп соғып жіберді. Былтыр Жандос Айтбайұлы «Лига Чемпионов сайыстарында» деп қалып еді.  Орысша қосып сөйлеу модыға айналды ма, немене? Былтыр Оңтүстік Африкада өткен әлем чемпионатында «сәуегейлікпен» семірген сегізаяқ Паульді ұмытпаған шығарсыздар. Сол «қайтыс болыпты». Ерекеңнің сөзі ғой.  Бәлкім өлген шығар, а? Телевизия тілімен айтқанда, общий планда алсақ, бұл сөзде тұрған ештеңде де жоқ, әрине. Қайтыс болды – қайтты деген сөз. Дегенмен, теңіз жануарына қайтыс болды деген сөз қаншалықты жарасымды екен?

Сосын Ержан жүргізген матчтарында «рез» деген сөзді қолданып тұрады. Қазақшасы «рет» қой. Мысалы, «бірнеше рет әуелетіп пас берді». Мұны «бірнеше рез пас берді» деп айтқаннан не түсінеміз? Рез – орысша раз (несколько раз, мисалы) ба екен, әлде? Алматы облысы халқы осылай сөйлейтінін білемін. Яғни, диалект болуы да мүмкін. Бірақ бәрібір, диалект болған күннің өзінде, оны тікелей эфирден – Қазақстан Ұлттық арнасынан айтуға болады деген сөз емес. Әйтпесе, батыс облыстардың бірінен шыққан комментатор «Руни қасқаааа, керемет гол соқты» немесе «қойшиш, Павел, Пепе қызыл карточка алатындай дөреклік жасаған жоқ»  деп жүрер. Немесе шымкенттіктер 17 млн. Қазақстан аудиториясының алдында «Оле, оле, өләә!» деп отырса не болады?

«Жаңылмайтын жақ жоқ», әрине. Ержан ағамыз бізге ренжімейтін шығар. Ешкім оқымайтын менің блогымда болса да, бір отклик болуы керек қой. «Барселона» – «Реал» матчын жүргізгендегі осындай қателіктері үшін комментаторға өз басым қызыл карточка көрсететін едім. Дисквалификация мерзімі біткесін эфирге шығуыңызды күтеміз 🙂

4 пікір (+add yours?)

  1. sportstan
    Мам 05, 2011 @ 14:05:02

    «Руни қасқаааааа , керемет гол соқты!» деп біздің жақтан шыққан біреу айтуы мүмкін хе хе хе… Сосын, Ержан ағаның Барсаға бүйрегі бұрып отқаны білініп тұрды

    Жауап беру

  2. Fани
    Мам 05, 2011 @ 18:56:37

    Жаксы жазылган. Макаладан обал…

    Жауап беру

  3. Жақсылық
    Мам 07, 2011 @ 08:42:25

    өлекшін ашынған да өз күшігіне тісін ақситады, халықтың жан айғайы ғой бұл. «біздер отырып алып мінегенге шеберміз…» деп дау көтеретіндер де бар шығар, ең үлкен тілек- халықтың тілегі. қарсы сылтау айтқанша қайласын табайық! Ерекеңдей көзқарақты азаматтар атқа мініуі тиіс. ал ағаларымыздң өкпелейтін жөні болмас «енесі тепкен құлынның еті ауырмайды» деген…

    Жауап беру

  4. Бекхэмге гашык ару
    Там 19, 2011 @ 20:17:05

    Вобшым, жақсы комментаторлар жоқ қой бізде……… Кейде шынымды айтсам, тек орысша комменттер болса екен деймін

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: