Кеше көшеден негрмен қол ұстасқан қазақ қызын көріп қалдым. Иә, кәдімгі басы мейіздей қап-қара зәңгі ше! Біздің қыз мәз енді. Қайтсін-әй! Танауы делдиіп, кәдімгідей құлағынан пар будақтап кетіп бара жатыр, шіркін. Әлгімен әмпей-жәмпей боп жүргені – өркениет! «Қарындасым-ау, мұның қалай» деп көріңіз. Мұрныңызды жұлып, сақал-мұртыңызды отап, қолыңызға ұстата саларына мен кепіл!
«Бұл –жаңалық емес» деп әрі қарай оқымай қойсаңыз да мейлі. Бірақ «ибай, бетім-ай, масқара, көргенсіз, тәрбиесіз!» деп өтірік ұрандатып, көпіртіп әкеткелі тұрғам жоқ. Расист емеспін, ұлтаралық татулық болғанын қолдаймын, Заң жарықтық қыз-қырқынға «қалағаныңа ти» деп қақпаны ашып бергені де рас. Маған қызығы – біздің құндылықтар қалай, неге құбылып кетті?
Біздің ауылда кәрістерді «ит жеген» деп жақтырмайтын. Күріш егіп жүретін қылиларға бөгде планеталық сияқты біртүрлі, онша емес көзқараспен қараушы едік. Несіне мәймөңкелеймін, жиіркенетінбіз-ей шындығы. Бүгін-ертең Ақтөсті ап кетердей ауылға маңайлағандарына ала сөзбен қараушы едік қой. Қазір екі аяқтыда кәрістен сұлу жаратылыс жоқ сияқты. Қыз-қырқынды қойып, қатын-қалашқа дейін кәріс десең, қырылып түседі.
Ал орыстарды «кәпір» дейтін. Біздің ауылдың қандай да бір қызы алабөтен қылық таныта қалса, шешесі қуып жүріп оқтаумен сабар еді. Сонда деймін-ау, итімізді де кәрістерден қызғанушы ек қой, иә? Бүгінгіміз мынау енді. Орыс, кәрісіңді былай тарт, эфиоп па, піл сүйегі жағалауынан келген абориген бе, білмедім. Әйтеуір, бір жатырдан шықпасаң да, сенің нәсіліңнен тараған тіршілік иесін тақымдап бара жатыр. Бір ұлттың екінші ұлттан ешқандай артықшылығы жоқ екенін қанша іштей мойындасам да… біздің қыздың беті түгілі безеуінен садаға кетсін-ей әлгі міскін! Бірақ енді не істейсің? Қолыңнан не келеді? Бетіңді жыртып жылайсың ба, негрмен жата кеп төбелесесің бе, «ойбой, қызым-ау, сен қазақсың ғой» деп оған Жаяу Мұсаның әнін айтып бересің бе, «айналайын, «Абай жолын» оқышы» деп жалынасың ба? «Ұрдым да, қол қойдым» дейтін шығар – бәс тігейін.
Кейде (иә, кейде) жатып алып бір ойланасың ғой. Ағаш емеспіз, диван емеспіз, сиыр емеспіз – ойлануға болатын шығар? Қазақты не құтқарады енді?
Кейде бір ойланғанда…
23 Мам 2011 11 пікір
in Uncategorized Кілтсөздері:Абай жолы, Жаяу Мұса, кәріс, негр, өркениет, ұлт
Мам 24, 2011 @ 04:02:59
«Қазақты Ерлан құтқарады». Рас айтам, осы сен секілді азат ойлайтын, қаламы шыңдыққа суарылған, жас та жұлымыр азаматтар ғана ненің пайда, ненің зиян екенін айыруды көрсетпесе, кім көрсетеді?
Мам 24, 2011 @ 05:09:22
Көкем-ау, жігіттеріміз де қалыспайды ғой бұл мәселеге келгенде. Сосын әлгі бір күні бір арнадан Айгүл Бабаева сұхбат беріп жатыр. «Неге еврейге тұрмысқа шықтыңыз?» деген сұраққа, «Қазақ алмай да, қарамай да қойса қайтем. Тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған осы болды»- дейді. Ал бұған не дерсің? Өмір бақи қу тізені құшақтағанша…
Сосын ТЮЗ (Мүсірепов ат-ғы) актрисасы Шынар (есімін тошно білмейм) да бір европалыққа тұрмысқа шығып, бақытты өмір сүріп жатыр.
Мен қос қолыммен қолдаймын деген сөз емес, тіпті жақтырмайтындардың қатарынанмын. Алайда әр адам қара басының бақытын ойлайтыны тағы бар. Қыздарға (бәрі емес, бірақ көбісіне) дүниеден басқа аздаған махаббат, көңіл керек. Кейде біздің жігіттерге сол қасиеттер жетіспей жатады.
Мам 24, 2011 @ 08:31:22
сенің пікіріңе қосыламын 100%
Мам 30, 2011 @ 17:39:27
Сиырын өткізгісі кеп тұрған сатушы сияқты асыра мақтап жіберіпсіз, Өрмитаж!
Мам 24, 2011 @ 05:36:53
Әлгімен әмпей-жәмпей боп жүргені – өркениет!
Рас, сол «өркениет» түбіне жетеді әлі..талайлардың…
Мам 24, 2011 @ 05:47:35
Birneshe ret shet eldikke shykkan kadimgi ozimizding kyzdar men anggime kurganym bar. Sonda baigakaganym ( bari emes keibiri). KZ de jigit tabylmady jas ketti sodan shyktyk, aitpese KZ degi ata anamyzdan uzak kim ketkisi keledi degeni bar edi.
Bugan kosa shet eldikke uilenu jahandayktyng akelgen tagy bir ulesi. Dunie kishkereigen saiyn ult jogalyp bara jatkan siakty. Bul ali tuk emes dep oilaimyn, budanda zorgysy kutip tur.
Japon, Korea bari de oz eline uilengendi kalaityn kalyktar goi. (Kazakhtar siakty). Koreada jurgende ondada osy shet eldikke uilenu turaly Karester ekige bolingen.
Мам 24, 2011 @ 14:36:48
Қазақ қызы негр жігітке (қай ұлтқа болса да!!!) үйленсе, ұрпағымен қоса негр болады. Қазақ жігіті зәңгінің қызын алса, ол да ұрпағымен қоса зәңгі болады. Жапалақты таспен ұрсаң да, жаралақпен тасты ұрсаң да, өлетін жапалақ сияқты.
Мам 26, 2011 @ 08:42:36
Кеше, КазГу дын тротуарымен кетп бара жатсам, алдымда мен танитын бір қазақ қызымен, анау 6-шы жатақханада тұратын, бір ауған жігіті мәре-сәре болып,әңгіме айтып, қол ұстасуға шақ қалып, кәдімгідей «жарасымды жұп» болып бара жатыр…
Мам 26, 2011 @ 11:40:15
Махаббат жасқа нәсілге қармайт:)) Біреу туралы бірдеме онысы дұрыс бұрыс деп айтқым келмейді, бар айтпағым әркім өзіне керегін табады.
Жанарбектің айтқаны дұрыс, жаһандану заманы болғасын солай болады,бұрынғыдай жабық мемлекет болсақ олай болмас па еді, немесе керісінше бұрыннан бері ашық мемлекет болғанда мұндай көріністер бізге әлдеқашан ақ үйреншікті боп кеткен болар, біздің әке шешеміздің заманында ақ мүмкін..
Мам 28, 2011 @ 13:46:27
енди мен кордим,козимде жазык жок го,маган десе жатпланеталыкка тиіп алсын))
Мау 01, 2011 @ 11:15:05
Жағдайымыз жылайтындай да емес,мәз болуға да хақымыз жоқ. ол қыздың қазақшасы шамалы болар деп жобалап отырмын. «Шіріген жұмыртқа» делік. Қайта сондай сапасыз анадан құтылғанымызға қуанайық дегім келгенімен менің де ішім аырып отыр. Қарағандыда медакадемияда оқыған ауылдың бір қызы Пәкістан азаматына тиген. Екі-үш жыл тұрып оқуы біткен соң кетті Пәкістанға екеуі қол ұстасып.Шамалыдан соң ана қыз қайтып келді.